25 қаңтардан бастап ШҚТУ студенттері аралас оқыту форматына көшеді. Дәрістер онлайн, ал зертханалық және тәжірибелік жұмыстар оффлайн форматта өткізіледі. Сондықтан, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы маңызды. Мысалы, аудиторияларда, зертханаларда білім алушылар ара-қашықтықты сақтап отырған жөн. Сонымен қатар, арнайы кесте бойынша бөлмелер кварц лампылармен залалсыздандырылады. Корпустарда маскасыз жүруге болмайды және мүмкіндігінше антисептикпен қолдарыңызды өңдеп жүрген абзал.
Білім алушылардың қауіпсіздігі өте маңызды. Сол себепті бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Қазақстан студенттер Альянсы құрамының өкілдерінен құрылған комиссия келді.
Олар білім ордасының студенттерді қабылдауға дайындығын тексерді. Білім алушылар көп шоғырланатын орындар: аудиториялар, кітапхана, асхана, спорт залы мен жатақхананы көріп, өз бағаларын берді.
Жинақталған ақпарат және фотосуреттер білім және ғылым министрлігіне қарасты студенттер мәселелері бойынша кеңеске жіберілмек.