Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың негізгі инженерлік даярлық факултетінің 4 курс студенттері «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілеріне тарту жасап, халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі, ұлттық болмысымызды айқындайтын қайырымды іске өз үлестерін қосты. Атап айтсақ өздері сияқты атаулы университетте білім алсын деген ниетпен, білімді жетілдіруге арналған маркелі-магниттік тақталар және сауат ашуға арналған әртүрлі канцеляриялық құралдарды сыйлады.
«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы жақсылыққа қадам бастаған студенттеріміз бұл жасаған жақсылығы, әрбір үлкен мен кішіге үлгі.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты мақаласында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада «Жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі» деп айтып өтті.
Сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі. Осы игі істі төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден жаңылмаған универистетімізде білім алушы студенттеріміздің бойынан көру біздер үшін үлкен абырой!