Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 200-ге жуық студенті сенбілікке шығып, ЖОО территориясына іргелес Потанин көшесін тазартты. Тазалау жұмысына ШҚТУ-дың барлық мектептер мен факультет студенттері белсене қатысты.

"Болашақ мамандық иелерін қоғамдық жұмыстарға белсене араластыра отырып, жастарды табиғатты қорғауға баулудың бірден бір жолы" дейді ұйымдастырушылар.

Жиналған қоқысты білім алушылар арнайы көліктерге тиеді. Жалпы қалалық сенбіліктер мұнымен шектелмейді, санитарлық жұмыстар екі ай бойы жүргізіледі. Сондықтан, әрбір қала тұрғыны Өскеменнің таза қала статусын көтеруге үлесін қоса алады.