Д.Серібаев атындағы ШҚТУ, бұрынғы Өскемен жол құрылыс институтын бітірген түлектер университет қабырғасында бас қосты. ЖОО басшылығы мұрындық болған кездесудің басты мақсаты – ШҚТУ-дың жетістіктерімен таныстырып, әріптестік қарым-қатынас орнату.
ШҚТУ түлектерінің қатарында табысты кәсіпкерлер, әкімдер, жоғары оқу орындарының проректорлары, белгілі ғалымдар бар екенін мақтанышпен айтуға болады. Осы жолы қонақтар қатарында 1983 жылы институтты «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша бітірген Серік Ақтанов, дәл сол мамандық бойынша білім алып, қазір «АЗИЯ ЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» ЖШС-нің бас директоры Қайрат Ахметов, ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Нұржан Жұмаділов және «Восток-молоко» АҚ-ның бас директоры Сеилжан Сайлаубаев болды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Жасулан Шаймарданов түлектерге экскурсия өткізіп, университетте жүргізіліп жатқан жұмыстар жайылы айтып берді. Соңғы жарты жылда студенттерге тәжірибеге бағытталған білімді беру үшін құзыреттілік орталықтары ашылған болатын. Сонымен қатар, пандемия уақытында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жабдықталған аудиториялар, зертханалар және мұражай көрсетілді.
- Бүгінде біздің облысымызда ғана емес жалпы республика көлемінде жол саласы бойынша көптеген жоблар жүзеге асырылып жатыр. Қазір мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты университет ректоры Жасұлан Құдайбергенұлымен кездесіп жалпы болашаққа деген жоспарларды талқыладық. Әрине студенттерді шақырып тек гранттар бөлумен шектелмей, болашақта шәкіртақыны көтеру мәселесін қарастырдық. Жалдан жылға университеттің материалдық-техникалық базасы өсіп келе жатыр. Біз мұндай өзгерістерге қуанамыз және болашақта мықты білімді азаматтар шығады деген үиміттеміз, - деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Нұржан Жұмаділов.
ШҚТУ түлектері кездесуінің соңы жүректен шыққан шынайы алғыспен аяқталды. Болашақта мұндай шара дәстүрге айналмақ.