Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері бір-бірін және баршы жұртты Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады!

Университет құрылымдарынан екі-үш адам ұлттық нақышта безендірілген мерекелік бұрышта кездесіп, өз нөмірлерін көрсетті. Бірі ән айтып, би билесе, енді бірі ұлттық аспаптарда ойнап, күй шертті. Мерекелік жиынға қатысқан аға буын өкілдері бата берді.

ШҚТУ ұжымы барлық қазақстандықтарды Әз-Наурыз мерекесімен құттықтайды! Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!