Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Жасулан Шаймарданов «ШҚТУ – өңірдің тірек оқу орны» тақырыбында журналистермен баспасөз конференциясын өткізді.
Брифинг барысында басқарма төрағасы – ректор Жасұлан Құдайбергенұлы университеттің жетістіктері, заман ағымына сай келетін оқыту бағыттары туралы, сонымен қатар ғылым саласында іске асырылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Қазіргі таңда университет ұлттық және жаһандық экономика үшін бәсекеге қабілетті инженерлік кадрларды дайындайды. Білім ордасы жұмыс істеген жылдар ішінде әлемнің түпкір-түпкірінде экономиканың түрлі салалары бойынша табысты еңбек етіп келе жатқан 90 000-ға жуық инженерлерді даярлап шығарды.
Университет мамандар дайындаудың үш деңгейі бойынша 91 білім беру бағдарламасын іске асыруда: бакалавриат – 44; магистратура – 36; докторантура – 11. Оның ішінде 30% - ға жуығы инновациялық білім беру бағдарламалары, 40% - ы шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп әзірленді. Білім беру бағдарламаларының 86% -ы мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 6 білім беру бағдарламасының, атап айтқанда, Автоматтандыру және басқару, Металлургия, Геология және пайдалы қазбаларды барлау сияқты бағдарламалардың еуропалық сапа сертификаты бар. Осы бағдарламалар бойынша дипломдар Еуропалық Одақ аумағында танылғанын атап өткен жөн.
Жоғары технологиялық өндіріс үшін бәсекеге қабілетті инженерлерді даярлау, практикаға бағдарланған оқытудың тұтас моделін қалыптастыру және "университет алдындағы – университет - университеттен кейінгі" кезеңдер бойынша білім беру нәтижелерін жинақтау есебінен қамтамасыз етіледі. ЖОО үшін университеттің ғылыми қызметінің ірі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарымен, елдің ғылыми-зерттеу институттарымен және әлемдегі инженерлік білім беру көшбасшыларымен барынша интеграциялануы маңызды болып табылады.
Өзінің стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде университет өңірлік тірек ЖОО-дан Орталық Азия кеңістігіндегі ғылыми-зерттеу хабына айналуда. Өңірлік деңгейде ШҚТУ «ҮМЗ» ЖШС, ОХМК ЖШС, «УЗПА» ЖШС сияқты жетекші кәсіпорындар үшін ғылыми-зерттеу міндеттерін шешеді. Университет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, пациенттердің дербес клиникалық көрсеткіштері бойынша, омыртқаны емдеуге арналған бірегей қазақстандық медициналық имплантанттар бойынша өндіріс жобасын іске асыруды бастайды. Көлемі 35 дана әртүрлі денеаралық (омыртқа, сүйек) кейдждердің дайындалған тәжірибелік үлгілеріне клиникалық сынақтар жүргізу үшін ҒЗТҚҰ-ға берілді, 5 пациентке пилоттық режимде имплантаттар орнатылды.
ЖОО-ны әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау үшін Массачусетс технологиялық институтының инженерлік білім беру саласындағы әлемдік көшбасшымен бірлескен 3 жылдық зерттеу жобасы іске асырылуда. Соның нәтижесінде MIT әзірлемелерін пайдалана отырып, Өскемен қаласының экология сапасына мониторинг жүргізу үшін технологиялық платформа ШҚТУ базасында құрылмақ.
Сонымен қатар, баспасөз конференция барысында университеттің Жоғарғы Жастар Парламенті төрағасы Алина Косаченко, студенттердің оқу мен ғылымнан басқа қандай бақыттарда өздерін дамыта алатынын айтып берді. Брифингтің тікелей эфирде көрсетілгенін пайдаланып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу мақсатында дебаттық турнир ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді.
Конференцияның екінші бөлімінде журналистер қызықтырған сауалдарын қойды. Сұрақтардың басым бөлігі ғылым саласына және жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты болды.
«ШҚТУ – өңірдің тірек оқу орны» тақырыбында журналистермен болған баспасөз конференциясы ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінің Facebook парақшасында және университеттің Instagram желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Брифингтің толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы өтіп, көре аласыздар.