ҚР Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық Дене Тәрбиесі Орталығы ұйымдастыруымен Ахмет Ясауи Университеті қолдауымен өткен ХІ жазғы Универсиаданың жеңімпаздары белгілі болды!

Универсиада аясында 30 спорт түрінен 37 жарысқа 60 жоғары оқу орны қатысты. Бір жарым айға ұласқан сайыс Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай және Өскемен қалаларында өтті.

ХІ жазғы Универсиаданың нәтижесі бойынша, жалпы командалық есепте Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті VI орынға жайғасты.

  • І орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • ІІ орын – Қ.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
  • ІІІ орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • IV орын – М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
  • V орын – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
  • VI орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.

ХІ жазғы Универсиаданың жабылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Тастанбек Есентаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, сондай-ақ ЖОО спортшылары мен ұстаздары қатысты.