Достар, университет қабырғасында ресми іс-шаралардың жиі өткізілетінін байқаған шығарсыздар?
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да семинарлар, вебинарлар, ресми іс-шаралар, жұртшылықпен кездесулер және өзге де көптеген елеулі оқиғалар орын алады.
Жуықта ғана ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Брекешев Серікқалидің ШҚО жұртшылығымен кездесуі, бірнеше күн бұрын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың жұмыс сапары өтті.
Бұл нені білдіреді? Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қарым-қатынастың қай бағыты болмасын өзін сенімді әріптес ретінде танытады. Өзімізді сенімді түрде өңірдегі бірінші жоғары оқу орны деп мәлімдей аламыз!
Іс-шараларға дайындық легі, кіршіксіз қызмет, өз ісіне жан тәнімен кірісу – мұның барлығы ШҚТУ!