Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет және корпоративтік этика мәселелері жөнінде кездесулер ұйымдастырылды.

Айтулы шара 26-28 сәуір аралығында ұйымдастырылды. Оқу жылының аяқталар шағы, сессия мен мен емтихандар кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіп қатердің ықтималдығы артатыны сөзсіз. Қоғамдық індеттің алдын алу мақсатында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ профессорлық оқытушы құрамы, студенттері мен қызметкерлері үшін арнайы жиын ұйымдастырылды.

Іс шара барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары, ел экономикасына кері әсері турасында баяндама оқылып, бұл қылмыстың артатын жауапкершіліктері туралы ескертулер, мысалдар келтірілді.

Жиынға барлық 9 мектеп пен факультет декандары, мұғалімдері қатысты.