Қаңтар айында университетімізде «Айдың үздік қызметкері» байқауы жарияланған болатын. Бір ай көлемінде өзінің қызметтік міндетін жауапкершілікпен, кәсіби біліктілікпен орындаған қызметкерлер назарға алынады. Тек бұл емес, қызметкер ЖОО дамуына үлес қосарлықтай инновациялық бастамалар көтеруге тиіс.

Комиссия шешімімен байқауда Гуманитарлық білім факультетінің деканы Сәрсембаева Арайлы Әлібекқызы «Айдың үздік қызметкері» болып танылды. Арайлы Әлібекқызы "EKTU.Otbasy – *Wellbeing" ырыс-береке аймағы» жобасының жетекшісі.

Естеріңізде болса, бұл жоба Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық Qazaqstan Project Management Awards – 2022 байқауында «Үздік жоба» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.

«Айдың үздік қызметкері» жобасының жеңімпазына ақшалай мадақтама табысталды.