Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге арналған ғылыми зерттеулердің өзекті әдістемелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараның спикерлері ретінде Аликанте университетінің (Испания) шақырылған профессорлары – PhD докторы Санчес Гарсиа Эдуардо және PhD докторы Мартинес Фалько Хавьер сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел тақырыбы заманауи ғылымның негізгі бағыттарын қамтыды: PLS-SEM әдіснамасы (құрылымдық теңдеулерді ішінара аз квадраттар әдісімен модельдеу) және ғылыми мақалалардағы библиометрия. Бұл құралдар әлемдегі ғалымдар арасында деректерді талдау және ғылыми жарияланымдарды бағалау үшін белсенді қолданылады.

Шара университет оқытушылары мен зерттеушілері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша сарапшыларға сұрақтар қойып, ғылыми мақалаларды дайындау барысында кездесетін қиындықтарды талқылап, рецензияланатын ғылыми журналдарда сәтті жариялану тәсілдерін тереңірек түсінді.

Әсіресе, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жарияланым белсенділігін арттыруға ұмтылуына байланысты шолу және зерттеу мақалаларын жазуға арналған практикалық ұсыныстарға ерекше көңіл бөлінді.

Дөңгелек үстел тәжірибе алмасуға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар одан әрі зерттеулерге шабыт беретін маңызды шара болды. ШҚТУ халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы университет ғалымдарына кәсіби дамудың жаңа көкжиектерін ашуды жалғастыруда.