«Ғылым апталығы» аясында ШҚТУ-дың АжДЭТМ кәсіпорындармен ынтымақтастықта облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен дөңгелек үстел өткізді.

Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ-да Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық саласындағы және өнеркәсіптік кәсіпорындарымен офлайн және онлайн режимінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге: ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы, ЖШС "Қазмырыш-Энерго", АҚ "KEGOC", ЖШС "Өскемен конденсатор зауыты", АҚ "AES Өскемен ЖЭО", ЖШС "Согра ЖЭО", ЖШС "Өскемен СЭС АЭС", ЖШС"Шүлбі СЭС АЭС", АҚ "Біріккен энергосервистік компания" және басқа кәсіпорындар қатысты.

Дөңгелек үстел аясында шақырылған қонақ ҚР ҰҒА академигі, АЭжБУ жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының профессоры Әлияров Бірлесбек Каниұлы, "Қазақстанды жылумен жабдықтау. Мәселелері мен перспективалары» баяндама тақырыбы тыңдалды. Сондай-ақ, география ғылымдарының кандидаты, экология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ физика-химиялық зерттеулер сынақ зертханасының меңгерушісі Анатолий Сергеевич Чурсин тұлғасында "ШҚО отын-энергетикалық кешеніне "Термококс" технологиясын енгізу" атты баяндама ұсынылды. Сөз сөйлегеннен кейін дөңгелек үстелге қатысушылар ШҚО энергетикасын дамыту мәселелері мен келешегі мәселелерін талқылады.

Іс-шара соңында Атом және дәстүрлі энергетика технологиялары мектебінің деканы Ақаев Айбек Мұратбекұлы "ШҚО энергетикасын дамыту тұжырымдамасы"атты тұсаукесерін ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша талқылау нәтижелері мен қабылданған шешімдермен хаттама жасалды, тығыз байланыстар, ШҚТУ мен компаниялар арасындағы стратегиялық өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық талқыланды.

ФОТО ...