Облыс әкімі Ермек Көшербаев Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында облыстық ардагерлер кеңесінің белсенділерімен кездесті. Ақсақалдар Күршім көпірінің, Риддер қаласына дейінгі жол құрылысы, Омск-Майқапшағай тас жолын қайта құру, Жаңа Қанай ауылының ауруханасы мәселелері туралы сұрақтар көтерді. Іскерлік формада өткен жиында ардагерлер барлық өзекті сұрақтарға жауап алды.

Сөз арасында қадірлі қарттар Ермек Көшербаевтың облыс әкімі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметінде сәттілік тіледі.

Біздің ЖОО өз ардагерлерімен белсенді жұмыс істеп жатқанын, IT-сауаттылық, ағылшын тілі және қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өтетін Күміс университет ашылғанын атап өту керек. Ардагерлер ЖОО-ның қоғамдық және мәдени-әлеуметтік өміріне тікелей қатысып, ел мен университеттің жоғары деңгейде дамуына жәрдем береді.

Өңір басшысы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ материалдық-техникалық базасымен танысты. Атап айтқанда, Құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы технологиялар трансфері және құзірет орталығы, "Smart Engineering" ғылыми-өндірістік кешенінің жұмысымен танысты.

Облыс әкімі ШҚТУ бағытына қолдау білдіріп, атқарған қызметіне оң бағасын берді.

ФОТО...