«Нұр-Cұлтан – арман қала». Осындай атаумен ШҚТУ-да сурет конкурсы ұйымдастырылды. Байқаудың өтуіне бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті мұрындық болды. Өз шығармашылығын университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің балалары, сонымен бірге студенттер мен колледж оқушылары көрсетті.

Конкурс қатысушылары жұмыстарды кәсіподақ ұйымының төрағасы Шахрам Солтанбековаға жіберді,  сонымен қатар,  Instagram, Facebook әлеуметтік желілерде және YouTube платформасында #Деньстолицы хештегімен жариялаған болатын.

Байқау қорытындысы бойынша, Ажар Нурыйдың және Тлеуберді Арынгожиннің жұмыстары ерекше аталып өтілді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталатын болады.