Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылған дүбірлі додада еліміздің жоғары оқу орындарынан келген 14 ақын өнер көрсетті. Солардың ішінде өте ерекше рөл көрсетіп халықты тәнті қалдырған Шағыманов Дарын Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ақыны болды.

Себебі жиналған барлық ақындардың ішінде тек тау кен мамандығында оқитын ақын болып шықты.Қалғаны таза кәсіби ақындар Жүргенов және Шабыт университеттерінен келген.Дарынды барлық ақынның қолына түскен таза кейс дерсін.

Қазіргі танда жігітке жеті өнер емес, жетпіс өнерде аз.Сол жетпіс өнерді жанына серік еткен Сері жігітіміз Шағыманов Дарын оқу ордамыздың жас студенттеріне үлгі деп айта аламыз.

Дарын мен сайысқан айтыскер:


Кен игеру мамандығын таңдап алыпсын
Дәл қазіргі сатынде білім алар,
Айтыс деп сан тарапқа шабасын ғой
Негізінде дәл қазір саханада емес Сабақта отыратын баласынғой
Сен маған үйтіп жаман қарамашы
Бір нәрсе айтсам естен танасынғой
Диплом алып жұмысқа кіру керек
Жұмыс жайлы ойланар баласынби
Тау түгіл жерді қаза аласынба
Сабаққа қатыспаған шаласынғой
Жоқ әлде жерді біреу қазып беріп
Дайын асқа тік қасық боласынби
Сен үшін жерді біреу қазып берсе
Сол жерден кенді қазып аласынғой
Ей бірақ ешкім жер қазбай қалса
Кірерге тесік таппай қаласың ғой.....--деп
Батыстан келген айтыскер осылай жырлады.
Бірақ біздің ақын суырып салмалығын көрсетіп:
Ау қазақта небір түрлі арландар бар,
Кен қазған Сәтпаевтай тарландар бар,
Ол рас мамандығым тау кеннің инженері
Оған халқым қатты бір танқалмандар
Елін байыту үшін жеріңді былай тұрсын
Айлық үшін жұмысқа барғандар бар
Шахтада елін жерін байытамын деп
Жер астында тірідей қалғандар бар
Тесік таппай қалуын былай тұрсын
Шығарға есік таппай қалғандар бар