2026 жылғы 8 қарашада «Саналы ұрпақ қалыптастырудағы отбасы мен мектептің рөлі» тақырыбында «Arystar CUP XI» қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирді Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі мен Arystar Amanaty IDC Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен ұйымдастырды.

Турнир қорытындысы бойынша Сабина Қазкен негізгі алаңның финалисі атанды. Сабинаны жетістігімен құттықтап, пікірсайыс жолында жаңа табыстар тілейміз!