Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қызметкерлер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. ISO 37001: 2016-ұйым қызметінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық стандарт" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курстың негізгі мақсаттары Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, оның басшылығы мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту тәуекелін барынша азайту, атқаратын лауазымына қарамастан Университет қызметкерлерінде және өзге де тұлғаларда сыбайлас жемқорлықты кез келген нысанда және көріністерде қабылдамау туралы Университет саясатын біркелкі түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ Университетте қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасының негізгі талаптарын қорыту және түсіндіру.