25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Осы іс-шара аясында ШҚТУ-нің жоғары IT колледжінде студенттермен кездесу өтті.
Шара барысында: адвокаттар алқасының мүшесі М. Ж. Рамазанова; ШҚО Нотариаттық палатасының жеке нотариусы Е. В. Платаева; полиция полковнигі, Өскемен полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Д. Р. Буланов; Өскемен қаласының жергілікті полиция қызметі тарапынан әйелдердің құқықтарын зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы А. А. Мокина, сондай-ақ ШҚО Әділет департаментінің халыққа түсіндіру жұмыстары және заң қызметтерін көрсету бөлімінің бас маманы А. К. Нұртазина түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандар студенттерге зорлық-зомбылық тек физикалық ғана емес, сонымен қатар психикалық және эмоционалды болуы мүмкін екенін айтты. Зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі жәбірленушіге қатты психологиялық әсер етеді, бұның соңы қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан өзіңізге қатысты кез-келген зорлық-зомбылықтың көріністерін уақытында байқап, көмек сұрау өте маңызды.
Студенттерге телефон нөмірлері бар буклеттер мен визиткалар таратылды. Онда зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты кез-келген уақытта хабарласуға болады.