Бобровка  ауылында университеттің профессорлары, оқытушылары мен қызметкерлері «Шаңғы-2014» дәстүрлі жарысына қатысты. Шаңғы жолына 42 қызметкер шықты. Университет  ректоры көптеген қызметкерлер салауатты өмір салтына мол уақытын жұмсайтынын атап айтты.

Ерлер арасындағы жекелей біріншілікте Александр Парамзин бірінші, Жігер Қабылбаев – екінші, Леонид Клименко үшінші орын алды.  Әйелдер арасында Татьяна Кумыкова мен Алмагүл Әбдіғалиева бірінші, Валентина Клименко екінші, Наталья Денисова үшінші орынға шықты.

«Ең  спортшы декан» номинациясын машина жасау және көлік факультетінің деканы Михаил Дудкин, «Спорттағы энтузиазмы үшін» - Виктор Краузе, «Спортқа берілгені үшін» - Любовь Асмолова мен Александр Яковлев, «Спорттағы премьера үшін» номинациясына Бақытжан Сапарбаев лайық болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, жүлделермен марапатталды.