ҚР Білім және ғылым Министрінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында 13 қарашада ШҚТУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған алғашқы республикалық пікірсайыс марафоны басталды. Мұнда Өскемен, Семей, Павлодардың ЖОО дебатерлері жиналды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев пен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина құттықтау сөз сөйледі.
Екі күн бойы ШҚТУ қабырғасында бүгінгі күнгі өзекті тақырыптар - "tiger parenting", сапалы білім тегін бола алмайды, белдемшеде гендер бар, патриотизм қазіргі жастарға тән емес, Ұлттық қорды тиімді пайдалану тетіктері, 1945 жылғы мамыр, Жапонияға атом бомбасын лақтыру керек, "Мәңгілік елдің" үздік бағыты сынды қозғалды.
Финалға төрт команда шықты - Салауат (Семей), Ділмар (Өскемен), Оратор (Семей) және Президент (Павлодар).
Турнир қорытындысы бойынша Семейден келген "Оратор" командасы үшінші орын мен 100 мың теңге жүлдеге ие болды. Екінші орынды және 200 мың теңге көлеміндегі сертификатты Павлодар қаласының "Президент" дебатерлері алды. Бірінші орын мен 300 мың теңгені Семейдің "Салауат" командасы жеңіп алды.
Ал пікірсайыс турнирінің үздік спикерлері мен төрешілері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сіздерді құттықтаймыз, достар!
P. S.: Турнир кубогы жеңімпаз командаға тапсырылды. "30: OPEN TO NEW" пікірсайыс марафоны еліміздің барлық өңірлерінде өтіп, Қазақстанның елордасы - Нұр-сұлтан қаласында аяқталмақ.