Биыл университет сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істегеніне 15 жылдығын тойлайды. 27 мен 29 қазан аралығында университетте ISO 9001: 2015 стандарттарына сәйкестігіне СМЖ бесінші қайта сертификаттау аудиті өткізілді.

Аудитті «Русский Регистр Евразия» ЖШС сертификаттау органы өткізді. Аудит барысында университет басшылығымен, түрлі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесулер өткізілді, университеттің инфрақұрылымы қаралды.

Аудит барысында СМЖ жұмыс істеп тұрғаны және қолданыстағы талаптарға және күтілетін нәтижелерге сәйкес келетіні анықталды.

Қайта сертификаттау аудитінің қорытындысы бойынша «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестік сертификатын берді. 2024 жылдың 15 қарашасына дейін жарамды.

Университетке IQNet сертификаттау белгісі берілді, ол сәтті сертификатталған менеджмент жүйесінің дәлелі болып табылады.

 

Стратегиялық даму, сыртқы бағалау
және менеджмент сапасы бойынша орталық