2025 жылғы 11 қыркүйек күні Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету шеңберінде ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен ШҚО студенттер Альянсымен бірлесе отырып, халық арасында дропперліктің жолын кесу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Студенттер жиі алаяқтардың құрбанына айналып, оларды дроппер ретінде пайдаланатын жағдайлар жиі кездесетіндіктен, кездесудің тақырыбы жастар арасында қызығушылық тудырды.

Көрсетілген бейнеролик пен презентациядан бөлек, студенттер белсенділік танытып, бұл мәселеге қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

Кездесуде сондай-ақ, «Esirtkisiz Qazaqstan» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Esbol qory» фронт-офисінің жетекшісі қордың жұмысымен таныстырып, есірткіге тәуелділік мәселесінің қауіптілігі жөнінде түсіндірді. Студенттерге граффитиді бояу рейдтерінің жүргізілетіндігі жөнінде ақпараттар беріліп, осы шараларға оларды да қатысуға шақырды. 

Іс-шараға 120-дан астам 1, 2 және 3 курс студенттері қатысты.

Кездесу соңында лекторлар мен студенттер пікір алмаса отырып, қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті тақырыптарды талқылау мақсатында осындай кездесулерді алдағы уақытта да жалғастыруға ниет білдірді.