Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, университетіміздің түлегі Нұржан Сайлаубекұлы Жұмаділов өмірден озды.

Нұржан Сайлаубекұлы өзінің бүкіл еңбек жолын құрылыс-жол саласына арнап, өңіріміздің дамуына зор үлес қосты. Ол - білім ордамыздың мақтанышы, кәсіби біліктілігімен, адами қасиеттерімен ел есінде қалған тұлға.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ университетінің ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Нұржан Сайлаубекұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.