Қаңтардың 28-і күні Soleil club студенттері Шығыс Қазақстан Облыстық драма театрына барып, «Өмір-өзен» қойылымын тамашалады. Бұл қойылым Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық өмірі туралы және де бүгінгі күндегі Әнұранымыздың шығу тарихы жайлы болды. Қойылымды «Жастар» театры қойды. Қоюшы режиссері Абай Дәулетұлы.
Спектакль студенттерге өте үлкен әсер қалдырды.
«Шәмші Қалдаяқовтың бастаған ісін қандай қиындық, кедергілер болса да берілмей аяғына дейін апарғаны, Нәзипаға берген уәдесінде тұру үшін қолынан келгенінің барлығын жасағаны ерекше есте қалды. Берілмегенінің арқасында халыққа үлгі тұтар ұлы композитор, әртіс болды. Ол мәңгілікке «Қазақ вальсінің королі» болып қала береді!» - деп, студенттер ерекше ойларымен бөлісті.