Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 1 курс студенттер арасында жыл сайынғы қазақ және орыс тілі пәндерінен олимпиада өткізілді. Бұл тілдік білім беруді насихаттауға, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және қазақ және орыс тілдерін жоғары деңгейде меңгерген талантты студенттерді анықтауға бағытталған дәстүрлі іс-шара. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері - студенттердің қазақ және орыс тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру, сауатты жазуға,  ауызша сөйлеуді дамыту, Қазақстанның тілдік және мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру, сонымен қатар тілдік құзыреттілікті меңгерген үздік студенттерді анықтау болды.

Студенттер тілдік дайындығына қарай бірнеше деңгейге бөлінді, бұл барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік берді. Олимпиадаға 94 студент қатысты.

Білім сайысының қорытындысы бойынша қазылар алқасы әртүрлі деңгейді меңгереген жеңімпаздарды анықтады:

Қазақ тілі:

  • 1 орын – Еркінбеков Ә. (24-ЗК-1), Әлібеков Р. (24-ГМ-1), Станкевич Р. (24-ЭЛ-1), Борзиков М. (24-МТ-1);
  • 2 орын – Рахмитуллаев Р. (24-ИС-1), Слямханов Т. (24-ИС-1), Жанатай Р. (24-ЗК-1), Костюченко М. (24-ГТ-1), Мохов А. (24-ГР-1), Қалиева А.  (24-БЭ-1);
  • 3 орын – Хайрат Н. (24-ЗК-1), Дәуленов Т. (24-ГД-1), Дәукенеов А. (24-ГД-1), Казаченко А. (24-ТТ-1), Щербаков С. (24-ВТ-1), Хасанов И. (24-СС-1).

Орыс тілі:

  • 1 орын –  Жаркынбаева Д. (24-ИСК-1), Кайролдин М. (24-БЭК-1), Жасұланұлы Н. (24-ТФК-1), Сейлханова Ш. (24-ТФК-1), Батырбаев А. (24-ГДК-1), Иманжанова Б. (24-УДК-1).
  • 2 орын – Маратқызы С. (24-ИСК-1), Бауржанов Е. (24-БФК-1), Мейрамғазинова С. (24-БФК-1), Жумагалиева Ш. (24-АУК-1), Далабаева А. (24-ЗКК-1), Зарлықан Ә. (24-ТФК-1), Миратұлы Т. (24-ИСК-1), Есенгельдинов Е. (24-ГДК-1), Амангелді О. (24-УДК-1).
  • 3 орын – Маукенов А. (24-БФК-1), Көкенай А. (24-БЖК-1), Темирбекова А (24-БФК-1), Жакупова Д. (24-АУК-1), Садыған Т. (24-ТФК-1), Жұмағали Ж. (24-ТФК-1), Азаматқызы А. (24-ЛДК-1), Камашев А. (24-УДК-1), Шериаздан Ш. (24-ГДК-1).

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қазақ және орыс тілдерінен олимпиаданы өткізу көптен бері жақсы дәстүрге айналды. Бұл атаулы шара тілдерді тереңдетіп үйренуге ықпал етіп қана қоймай, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Олимпиада мемлекеттік және халықаралық тілдерді үйренудің маңыздылығын растады, сонымен қатар студенттердің тілдік таланттарын көрсету үшін тамаша алаң болды. Атаулы іс-шараны ұйымдастырған оқытушыларға, қазылар алқасының мүшелеріне және барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.