Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ректорат отырысы өтті. Профессорлық оқытушылық құрам, университет ұжымы Басқарма Төрағасы ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының басшылығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарады.

Басқарма мүшесі Академиялық сұрақтар бойынша проректор Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы магистратура және докторантураға қысқы қабылдау туралы баяндама оқыды. Нұрбек Пажарбекұлы университет алдындағы міндеттерді айта келе, аталған дәрежеге оқуға түсуге ниет білдірушілердің саны, олардың алдында туындайтын тосқауылдар турасында айтты. Атап айтқанда, магистратура және докторантураны оқуға дайын жастар саны көп болғанымен, оқуға түсуге деген дайындықтары көңіл көншітпейді. Бұл тұрғыда ректорат отырысында студенттерді магистратураға 3 курстан даярлау, әдістемелері, жоғары оқудың келесі сатысының артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілу керектігі талқыланды.

Күн тәртібіндегі кезекті тақырып – пилоттық режимде интегралды GPA бағалауды енгізу. Басқарма Төрағасы ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының нұсқауымен және тапсырмасымен университет ұжымы жаңа бағалау жүйесіне көшуді қолға алды.

Ректорат соңында жоғары оқу орнының мектеп декандары халықаралық білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылу реті туралы баяндады.