2020 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасының барлық аумағында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар бастау алды. Біздің халқымыздың қоғамдық өмірінің барлық салаларында терең із қалдырған, ойшыл және демократ ұлы ақынның мерейтойы үлкен халықаралық оқиға деңгейінде аталынып өтіледі.  9 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және Қазақстан XXI ғасырдағы" атты мақаласы да жарық көрді.

2020 жылдың 22 қаңтарында ШҚ Өнер музейінің Үлкен залында ақын, ойшыл, демократ, адамзаттың алыбы данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ғасырларды тоғыстырған Даналық» атты Қазақстанның танымал қылқалам шеберлері мен өлкеміздің суретшілерінің Абай тақырыбынан сыр шертетін туындылары көрмесінің ашылу салтанаты өтті.  

Көрменің ерекшілгі музей қызметкерлерімен Абай картинасы бойынша  челлендж ұйымдастырылды. Челленджге қойылған суреттер кіші залда жеке экспозицияда көрсетілген.  Бұл екі стильдік туындысы көрерменге Шыңғыстау Ержан Тұрғанбаевтың табиғат  пейзажының аясында классикалық композицияда Абай бейнесін және Абайдың рухани әлемінің символдық бейнесінің авангардты нұсқасында-ақын, музыкант және философ Ғалым Қаржасовтың картинасында бейнеленген. Бұл челленджге Д.Серікбаев атындағы  ШҚМТУ-дың «Рухани  жаңғыру» кафедрасының мңгерушісі Акмарал  Казыкешова қатысты.