Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері бірнеше күн бойы «ХОСИН КАНРИ практикалық курсы. Стратегияны қолдану», 72 сағаттық курстан өтті.

Хосин Канри (Хошин Канри ) - бұл стратегиялық мақсаттар компанияның барлық деңгейлеріндегі операциялық қызметінде нақты жақсартуларды қамтамасыз етуге бағытталған әдіс.

Семинарға біздің университетіміздің 27 қызметкері қатысты (тізім төменде келтірілген), олар ойын түрінде командаларда жұмыс істеді, миссияны, көзқарасты қалыптастыруды үйренді, сапаны, мерзімдер мен шығындарды бағалау параметрлерін анықтады, х-матрицаны құрды және кәсіби жаттықтырушының бақылауымен тапсырмаларды орындады.

ЖОО қызметкерлері барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап, өз біліктіліктерін арттырды.