Қазақстан делегациясы, құрамында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері бар, Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Қарамай қаласында Қытай- ШЫҰ ынтымақтастығының үлкен деректер саласындағы орталығы ұйымдастырған «ШЫҰ ағашы» цифрлық технологиялар бойынша оқыту шарасына қатысуда.
Делегация құрамында Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің деканы Зарина Хасенова, сол мектептің аға оқытушысы Мадина Ракишева, сондай-ақ Ақпараттық саясат және медиа-коммуникация орталығының жетекшісі Қасымова Қарлығаш бар.
Шараның негізгі мақсаты - цифрлық трансформация саласында білім алмасу мен таланттарды тәрбиелеуді қолдау. Тренинг қатысушылары цифрлық экономиканың мүмкіндіктері мен қиындықтары, оның дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы жан-жақты түсінік алады, әртүрлі салалардағы цифрлық трансформацияға қатысты өзекті мәселелерді шешуді үйренеді және нейрондық желілермен және жасанды интеллектпен өзара әрекеттесу бойынша оқытылады.
Делегация цифрлық технологиялардың су шаруашылығы, транспорт, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығындағы мүмкіндіктерін зерттеуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қатысушылар Huawei орталығындағы жұмыс пен заманауи жабдықтармен танысып, бұлттық есептеулер мен үлкен деректерді қолдану бойынша практикалық түсінік алды.
«ШЫҰ ағашы» іс-шарасы қатысушылардың кәсіби сапаларын жақсартуға, заманауи мамандар ретінде дамуы мен ілгерілеуіне көмектесетін цифрлық дағдыларды дамытудың маңызды алаңы болып табылады.