Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Су шаруашылығы және суды пайдаланудағы технологиялар мен құзіреттерді беру орталығы» қызметкерлері Буран ауылының Қара Ертіс өзені маңында гидрологиялық жұмыстар жүргізді. Зерттеу барысында RiverSurveyor M9 заманауи Доплер акустикалық профилографы қолданылды, ол өзеннің түбі, су ағысының жылдамдығы мен шығыны туралы деректерді бір мезетте алуға мүмкіндік береді.
Бұл зерттеулер аймақтың су ресурстарының жағдайын кешенді түсінуге мүмкіндік беріп, әртүрлі факторлардың өзен экожүйесіне әсерін дәлірек бағалауға көмектеседі. Жергілікті жердің цифрлық моделін және ортофотожоспарын жасау үшін PTK-станциясымен жабдықталған Phantom 4 дронның көмегімен аэрофототүсірілімдер жүргізілді.
Бұл жұмыс «Индустриялық даму және жаһандық үдерістер жағдайында Ертіс өзені бассейнінің су экожүйесін бағалау» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - экожүйені терең зерттеп, қазіргі шаруашылық жағдайында су ресурстарын басқаруды оңтайландыру үшін ұсыныстар әзірлеу.
ШҚТУ ғалымдары су шаруашылығы мен экология саласындағы ғылыми зерттеулерін белсенді түрде жалғастырып, су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау жолдарын іздеуде маңызды үлес қосуда.