9 желтоқсан бүкіл әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күні БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданды. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұйымдастыруымен форум өтті. Іс-шара барысында ШҚО әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Владимирович Шакенов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, бюджеттік процестердің ашықтығына және облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге бағытталған жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Форум барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін жұртшылық өкілдерін марапаттады. Олардың арасында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері де болды: студент Төлегенов Диас Дәулетұлы - жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталасқа белсенді қатысқаны үшін; комплаенс-маман Мықтыбаев Қуаныш Әзімжанұлы - квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс-қызметтің жоғары деңгейі үшін, сондай-ақ ШҚТУ ақпараттық саясат және медиакоммуникация орталығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат - ЖОО-да салауатты әлеуметтік-құқықтық ортаны құру мен қолдауды, студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың кез келген түріне "нөлдік төзімділікті" қалыптастыруды қамтитын университетіміздің стратегиялық дамуының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн.