Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Жоғары IT колледжінің ұжымы қаладағы кәсіподақ ұйымдары арасында өткен спартакиадаға қатысты. Бұл спартакиадада волейбол, шахмат және тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Біздің команда алғаш рет қатысып, жалпы есепте 7-ші орынға ие болды. Спартакиада достық және спорттық рухта өтті. Қатысушылар мен жанкүйерлер жағымды эмоциялармен және көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
Ұйымдастырушыларға және қатысушыларға белсенділігі мен жоғары деңгейде өнер көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!