2023 жылғы 16 наурызда Наурыз мерекесіне орай Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының студенттері арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.
Жарыс спорттың 4 түрі бойынша өткізілді:
- арқан тарту;
- армрестлинг;
- салмақ көтеру;
- тоғызқұмалақ.
Жарыс қорытындысы бойынша ЗАҚЖпАТ ПжЖ циклінің командасы 1 орынды иеленді. СТҚЖпТ циклінің командасы 2-ші орынды, ал ЖӘББмҚ ЖҚ циклінің командасы 3-ші орынды иеленді.
Жүлдегерлер мен қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды.