Спорт
«Жалпыинженерлік даярлық» кафедрасының профессоры Александр Яковлев таяуда Алматыдан кезекті жеңіспен оралды.
Штанганы шалқадан жатып көтеруден Қазақстанның 4-чемпионатында ШҚМТУ-дың ғалым-педагогы ең күшті атанып, бірінші орын алғаны үшін ҚР мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен марапатталды. Ол 70 килограмм салмақты оңай көтеріп, қарсыластарынан 10-15 килограмға озып кетті.
Александр Николаевич «Ардагер-4» (70-80 жас) тобында күш сынасты. 40 қатысушы болды, салмақ категориясы 83 килограмм. 70 килограмм біздің ауыр атлетке шек емес, осындан төрт жыл бұрын ол 130 килограмды көтерген.
Александр Яковлевті спорт белсендісі ретінде білеміз, еңбек жолының жарты ғасырын біздің ЖОО-да өткізді. 76 жасар техника ғылымдарының кандидаты, доцент сызу геометриясынан және инженерлік графикадан сабақ береді.
- Мен жасымнан спортпен айналыстым. Мектепте шаңғымен, волейболмен, гирмен шұғылдандым, шахматтан разрядым бар, студент кезімде ауыр атлетикамен айналыстым. Спорт жас таңдамайды. Спортзалға баруды әдетке айналдыру керек, - дейді А.Яковлев.