Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Жоғары ІТ колледжінің студенттері арасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Н. Файзрахманованың қатысуымен өтті.

Кездесу барысында қатысушылар адалдық, ашықтық және жеке жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы әрбір азаматтың рөлі, оның кез келген көрінісіне нөлдік төзімділік қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Дөңгелек үстел барысында студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды нығайтуға бағытталған ұсыныстарын жеткізді.

Аталған іс-шара жастар арасында адалдық қағидаттарын дәріптеуге және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.