Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Простор» демалыс базасында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп өткізілетін дәстүрлі «Парасат» жазғы лагері басталды. Ашылу салтанатына ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері қатысып, студенттердің күнделікті өмірінде парасаттылық, мәдениет, адалдық және адамгершілік сияқты құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
- Біз сіздерді «Парасат» дәстүрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы лагерінде көргенімізге қуаныштымыз. Бүгінгі таңда студенттерді даярлаудағы маңызды бағыт жас азаматтардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Біздің университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, онда басты бағыт біздің студенттер мен қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру болып табылады, - деді, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Машекенова Асия Хасенқызы.
Университет белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Ән, көріністер мен қойылымдар, психологиялық тренинг болды. «Парасат» жазғы лагерінің шарықтау шегі «ANTI СORRUPTION QUEST-EKTU» квест-ойыны болды. Бұл командалық викторина түрлі деңгейдегі және түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат» жазғы лагері - өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын жоба. Парасаттылық мектебінің негізгі мақсаты: жастар арасында адамгершілік қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті, ізгілік пен имандылықты, парасатты да зиятты тұлғаның мінез-құлқының үлгісін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы адал да жас тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.