Студенттік өмір қалай басталады? Мектебінен жаңа түлеп ұшып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, жоғары оқу орнына түскен абитуриент бір апта көлемінде университет өміріне бейімделеді. Жеке басына жауапкершілік арқалап, жеке және оқудағы өмірінің жаңа кезеңіне қадам басады.

Бүгін бейімделу апталығының бірінші күні және бірінші ағымда келген студенттер университет инфрақұрылымымен, аудиторияларының орналасу ретімен, асхана, жеке жәшігі, зертханалар мен кітапханалардың локациясымен таныс болды.

Университет тек білім-ғылым ордасы ғана емес, жеке өмір, еркіндік, еркін шығармашылық пен белсенділік кезеңі. Бұл кезеңдегі ең жарқын, баянды оқиғалар адам өмірінің кейінгі кезеңіне де терең ықпал ететіні белгілі. Сондықтан, студенттерге арналған спорттық сектор, психологиялық серпіліс орындары, фитнес залдар мен демалыс аймақтары да оқу үлгерімінің кепілі.

Студенттер арнайы кітапшалар, медициналық орталық, киберспорт кабинеттері туралы, университетке кіруге және еркін жүріп тұруға арналған аймақтар туралы, арнайы рұқсатнамаларды қажет ететін зертханалық аймақтар туралы қызықтап сұрады.

Келесі 7 күн ішінде жаңадан оқуға түскен студенттер оқу бағдарламаларының жетекшілерімен, мектеп және факультет декандарымен таныс болады.

ФОТО...