Бүгін ШҚТУ-да АСИИН сыртқы сарапшылар комиссиясы Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі, Ядролық және дәстүрлі энергетикалық технологиялар мектебі, Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебі мен Машина құрастыру мектептерін халықаралық аккредитациялау жұмыстарын бастады.

6B07201 - Металлургия, 6B07112 - Механика және металл өңдеу - (бакалавриат); 7M07201 - Металлургия, 7M07111 - Механика және металл өңдеу - (магистратура) оқу бағдарламалары Карлсруэ қолданбалы ғылымдар университеті (Германия) профессоры, техника ғылымдарының докторы Отто Теодор Йанк, Кельн қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) профессорф, техника ғылымдарының докторы Гельмут Винкель, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті профессоры Чепуштанова Татьяна Александровна, "Тағбент"ЖШС жұмыс берушісі Сарсембеков Тұрар Құсманұлы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттік өкілі Смайылова Мәдина, сондай-ақ АСИИН-нен техника ғылымдарының докторы Михаэль Мейермен тексеріледі.

6B07104 - Электр энергетикасы, 6В07101 - Автоматтандыру және басқару - (бакалавриат); 7M07104 - Электр энергетикасы, 7M07101 - Автоматтандыру және басқару - (магистратура) оқу бағдарламалары МАС автоматтандыру басқармасының бастығы, FHNW Солтүстік-Батыс Швейцария қолданбалы ғылым Университетінің (Швейцария) профессоры, доктор Юрг П. Келлер, Хемницк технологиялық университетінің (Германия) кафедра меңгерушісі және профессоры, доктор Мадхукар Чандра, Франкфурт қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) есептеу және робототехника профессоры, доктор Петер Наут, Алматы энергетика және байланыс университеті, электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері кафедрасының профессоры Мадина Алиярова, «УКТМК» АҚ жұмыс берушісі Нұрқанат Аилбаев, Алматы энергетика және байланыс университеті студенттік өкілі Қамидолла Ерасыл, сондай-ақ АСИИН өкілі Паулино Петраченкомен тексеріледі.

Мектептерімізге сәттілік тілейміз!