2016 жылғы 2 қыркүйекте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де «English Language Program» Бағдарламасы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге АҚШ Елшілігі, Орталық Азия бойынша Ағылшын тілі бағдарламасы жөніндегі өңірлік бюросының директоры Джонн Скакко, АҚШ-тың ағылшын тілі оқытушысы Стефани Корвин, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Н.Н.Линок, академиялық қызмет басқармасының басшысы Г.Ж.Солтан, «Үштілділік-табыс формуласы» жобасының жетекшісі М.Ф.Юсубалиева қатысты.

Corwin_1 Corwin_3

Аталған бағдарлама аясында АҚШ-тың ағылшын тілі оқытушылары ағылшын тіліне қатысы бар жоғарғы оқу орындарына, біліктіліктерін жоғарылату институттарына және тағы да басқа ұйымдарға он айға дейінгі уақытта (бір академиялық жыл) қабылдаған білім беру ұйымының оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және ағылшын тілін оқыту үшін жіберіледі. Американдық оқытушылар әдіснама, оқу бағдарламаларын құрастыру және т.б. сияқты салаларда әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етіп, тәжірибе алмасады.

Бұл бағдарлама АҚШ-тың Джоржтаун университетінің Мәдениетаралық Білім және даму орталығымен енгізіліп, мәдени және білім беру істері Бюросы арқылы Америка Құрама Штаттары Үкіметімен қаржыландырылады.

Стефани Корвиннің халықаралық байланысы, тәжірибесі және біздің университеттің әлеуеті - «Университет - форум» моделін және «Үштілділік-табыс формуласы» жобасын жүзеге асыруға бағытталған білім және ғылыми зерттеулердің таратылуы, кең әрекеттестік, коммуникация үшін халықаралық алаң.  

Соңында, қонақтар өткізілген жемісті кездесу үшін алғысын білдірді.

- Мен бұл университеттің ұйымдастырушылығына, жалпы университеттің жұмысына тәнтімін. Бірлесіп жұмыс жасау үшін шақырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деді өз сөзінде АҚШ Елшілігі, Орталық Азия бойынша Ағылшын тілі бағдарламасы жөніндегі өңірлік бюросының директоры Джонн Скакко.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі