Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған, студенттік өмірдің ең сәнді әрі ең жарқын шараларының бірі – «WINTER BALL 2026» салтанатты кеші өтті.
Мерекелік кештің басты мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, сондай-ақ жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу болды. Салтанатты шара барысында университеттің Басқарма төрағасы – ректоры құттықтау сөз сөйлеп, жастарды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде студенттердің оқу, ғылым, спорт, өнер және волонтерлік бағыттардағы жетістіктерін ерекше атап өтіп, белсенділіктері үшін түрлі номинациялар бойынша студенттерге алғыс хаттар табыстады.
Кеш бағдарламасы мазмұнды әрі әсерлі өтті. Университеттің дарынды студенттері әсем әндер орындап, тартымды би қойылымдарын ұсынды. Қонақтар үшін түрлі ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, кештің шарықтау сәттерінің бірі – «Экстази» шоу-балетінің жарқын билері болды. Олар көрермендердің зор ықыласына бөленіп, мерекелік кештің сәнін арттыра түсті.
«WINTER BALL – 2026» кеші студенттерге ұмытылмас әсер сыйлап, достық пен бірліктің, шығармашылық пен шабыттың мерекесіне айналды. Бұл кеш университет жастары үшін жаңа жылға деген сенім мен жарқын үміттің бастауы болды.














