ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен болып Айсұлу Ерниязова тағайындалды. Ол министрлікте студенттердің құқықтарын қорғаумен айналысады.

Айсұлу Ерниязова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, журналистика магистрі. 2021 жылы «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша Экономика және бизнес жоғары мектебінің философия докторы (PhD) атанды.

А. Ерниязованың әлеуметтік және білім беру салаларында қоғамдық жұмыспен айналысқан қомақты тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, Айсұлу Ерниязова «AMANAT» партиясының республикалық Саяси Кеңесінің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі. «Шапағат» және «Халық алғысы» мемлекеттік наградаларының, «Алтын барыс» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері; «Үздік ерікті» номинациясының жеңімпазы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты.

 

Студенттік омбудсменге қалай шағымдануға болады: