2023 жылдың сәуірінде, бүкіл әлемге әйгілі және ТМД төңірегіндегі ең ірі компаниялардың бірі «Яндекс» түрлі бағытта білім беруге іріктеу жариялады.

Олардың ішінде: backend әзірлеу мектебі, интерфейстерді әзірлеу мектебі, мобильді әзірлеу мектебі және басқалары.

Мамыр айында мектептерге іріктеу үшін контест қосылып, оған Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебінің 4 студенті қатысты. Контестте жоғары, бастапқы білім деңгейі бар үміткерлерді таңдауға мүмкіндік беретін, әртүрлі деңгейдегі күрделі тапсырмалар жиынтығы ұсынылды. Тек бір студент және ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының қызметкері - Синельников Максим Александрович сынақтан өтті.

Түрлі бағыттар бойынша ТМД елдерінен 850 студент сынақтан өтті. Біздің студент «Интерфейстер әзірлеу мектебінің» бірінші онлайн курсына түсті.

Бірінші кезең 6 маусымнан 21 шілде аралығында өтті. Мұнда апта сайын Яндекстің үздік мамандарынан 2-3 лекция жүргізілді. Әр лекциядан кейін тәжірибеге бағытталған күрделі үй тапсырмасы беріліп, алған білімді бекітуге, өздігінше қосымша ақпарат жинауға үйретті. Әр үй тапсырмасы, лекцияға, факультативке қатысқаны үшін балл берілді.

21 шілдеде 2-ші кезеңге өткендердің тізімі жарияланды. Интерфейс әзірлеу мектебінің 60% студенттері екінші кезеңге өтсе, оның ішінде Максим де бар.

Екінші кезең офлайн форматта, 4 тамыз бен 27 тамыз аралығында, негізгі үш қалада: Мәскеу (Ресей), Белград (Сербия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында өтеді. Студенттер Яндекс кеңсесінде, жетекші мамандардың бақылауымен және басшылығымен IT жоба құруға бірегей мүмкіндік алады. Әр түрлі бағыттағы студенттер командаларға бірігіп, нақты жобада жұмыс істейді. Командалар мен процестерді жаңадан жасайды. Әр демалыс сайын әртүрлі хакатондар түрінде қосымша практикалық жүктеме беріледі.

Студентіміз Алматы қаласына 3 аптаға оқуға барып, Қазақстаннан келген басқа студенттер қатарында Яндекс кеңсесінде жоба бойынша жұмыс істейтін болады.

Екінші кезеңнен кейін Яндекске жұмысқа орналасуға немесе тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.