Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың №1 студенттік жатақханасында педагог-тәрбиеші Еркебұлан Кинаятов фельдшер Арай Искаковамен бірге «Covid-19-дан қорғау тәсілдері» атты профилактикалық дәріс өткізді. Студенттер «Pfizer» вакцинасы туралы барлық ақпаратты алды.
«Комирнати» - SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін мРНҚ негізінде КВИ-ға қарсы вакцина (нуклеозидтермен модификацияланған) екенін ескеріңіз. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныс тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.