Жақында №1 Студенттер үйінің акт залында аймақ жастарын мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Лекторлар- «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ бөлімінің, «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мамандары - студенттерге «Дипломмен ауылға», «Жастар саясаты», «Бірінші жұмыс орны», «Оңтүстік - Солтүстік» қоныс аудару бағдарламалары мен жобалары туралы мағлұмат берді.
Сонымен бірге, кездесу барысында студенттер ұйымдастырушыларға сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.
Осындай іс-шаралар ШҚТУ-дың басқа жатақханаларында да өтеді.