20 қарашада ШҚМТУ Студенттік өзін-өзі басқару "Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылының" тәрбиеленушілері үшін "Жүректен жүрекке"атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық акциясын "SHAN' YRAQ " Шығыс Қазақстан облысының еріктілер қозғалысы ұйымдастырды»

Қайырымдылық акциясының мақсаты-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға көмек көрсетудің маңызды ресурсы ретінде қайырымдылықты қолдау.

Студенттер тәрбиеленушілермен танысып, түрлі спорттық-зияткерлік ойындарды ойнады.

Тәрбиеленушілер өздерін шығармашылық жұмыста көрсетті. Ән шырқап, би билеп, сүйікті авторлардың өлеңдерін оқыды. Кездесу соңында әр адам естелік сыйлықтар алды.

Студенческое Самоуправления ВКГТУ