Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Төраға ректоры Сәуле Рахметуллина жұмыс сапарымен 27943 әскери бөлімінің полигонында болды. Университет басшысы әскери кафедра студенттерінің оқу жиынын өз көзімен бақылап, олардың тұрмыс жағдайын, қауіпсіздік шараларын, білім алушылардың көңіл күйлерімен танысып қайтты.
Студенттер дала лагерінде дайындықтан өтіп, әскери техниканы жүргізудің қыр-сырын біліп, қарулы дайындықтарға қатысады. Калашников автоматынан атыстар жүргізіп, Т-72 танкісін, жаяу әскер көліктерін басқарып, білген білімдерін мамандардың сынына салады.
Дайындықтың жайлы, сапалы және қауіпсіз өтуі үшін барлық жағдайлар жасалып, тиісті шаралар қолға алынған. Дала асханасында тамақтану кесте бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.
Әскери кафедрада үйренген білімдерін студенттер өңірдің мықты әскери мамандарымен тәжірибеде пайдаланып көрді.
Оқу жиыны студенттердің әскери ант қабылдауы – Отанға деген адалдығына серт беру салтанатымен аяқталады. Айтулы күн тамыздың 21-і күні, ата-аналардың қатысуымен салтанатты түрде өтеді.