28-29 қыркүйек күндері Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нұрбек Пажарбекұлы студенттермен кездесу өткізді.

Кездесуге университет мектептерінің декандары және профессорлық-оқытушы құрам, студенттер қатысты. 1 курс білім алушыларымен кездесу мақсаты - студенттерді университеттегі білім жүйесімен, жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы жоспарлармен, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен және түрлі жеңілдіктермен таныстыру.

Бір ай көлемінде университет табалдырығын алғаш аттаған студенттердің сұрақтарына жауап беріп, бағыт-бағдар сілтеген проректор оларды жоғары оқу орнының соңғы жетістіктерімен таныстырды.

Кездесу соңында проректор Сапарходжаев Н.Ж. студенттерге оқу жылын жемісті аяқтап, сәтті болуына тілектестігін білдірді!