Бірінші курс студенттерінің студенттік өмірге тез бейімделуі оқу процессіне жағымды әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Бұл өз кезегінде кәсіби маман болып қалыптасуына кепіл бола алады. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханасында Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі және азаматтық даму басқармасының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Педагог-психолог Нүргүл Жарасбаева бірінші курс студенттерімен әңгімелесіп, өзін-өзі таныстырды. Кез-келген жағдайда көмек көрсете алатынын айтты. Кездесу студенттер арасындағы сенімді, сыйластықты нығайта түсті. Сонымен қатар, әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасы мамандары "Жатақхана –біздің үйіміз" тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ішкі тәртіп, санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен және өрт қауіпсіздігі ережелерімен тыныстырды.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханаларына студенттерді орналасу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 18 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін №1 студент үйіне 200 аса білім алушы жайғасты. Студенттерді орналастыру санитарлық –эпидемиологиялық режимінің регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.