Олимпиада Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттап, студенттер мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамытуға және өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің №514 бұйрығы негізінде «Абырой» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында Нұрбек Марал I дәрежелі диплом иеленсе, Бухарбаева Толғанай II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал «Ұлылар әлемі» номинациясында Серіков Саят пен Айтқазы Сетер II дәрежелі дипломдарға ие болды.
Студенттерді даярлаған жетекшісі, Тілдік құзыреттілік орталығының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ережепова С.К. еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Студенттер мен олардың жетекшісін құттықтаймыз! Алда сіздерді жаңа жетістіктер мен табыстар күтсін!