2024 жылдың 18 сәуірінде Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ.) «Ресей Федерациясының Алтай аймағы мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын дамытудағы тың игерудің рөлі: тарих және қазіргі заман» атты жас зерттеушілерге арналған дөңгелек үстел өтті. Шараны «Ұлы Алтай» алтайтану және түркітану ғылыми-зерттеу орталығы Президенттік гранттар қорының Ресей Федерациясы Президентінің грантын пайдалана отырып өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - тың және тыңайған жерлерді ігеру науқаны, оның нәтижелері мен Алтай өлкесі мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарының кейінгі тарихына әсері туралы ғылыми талқылауға бастамашылық ету.

Дөңгелек үстелге белсенді қатысушылардың ішінде «Жер кадастры және жерге орналастыру» білім бағдарламасының 2 курс студенті Элина Ежгиреева («Плугом по культуре: как освоение целины повлияло на культурную среду в Казахстане» баяндамасы) және «Жылуэнергетика» білім бағдарламасының 1 курс студенттері (колледж базасында) - Қалиев Алишер («Новые горизонты, новые проблемы: экологические вопросы в период освоения целины»), Армьянов Айбек Айбек («Песни как источники истории целины: на примере песни «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан»)», Миненко Всеволод («Фотографии как источники по истории целины в Казахстане»). ШҚТУ студенттері даяндаған баяндамалар мен презентациялар тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылықты білдіртті.

Делегацияның жетекшісі ҚТ және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Қалиева Қ.С. «Источниковедчский аспект истории целины в Казахстане», атты баяндама жасап, тың игеру тарихы бойынша дереккөздердің нақты классификациясына тоқталған. Зерттеу саласында тың және тыңайған жерлерді игеру тарихы өзінің зерттеушілерін күтілуде.

Халықаралық дөңгелек үстелге С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Алтай мемлекеттік университеті, Алтай мемлекеттік аграрлық университетінің студенттері де қатысты.

Студенттік делегация ШҚТУ ректоры С.Ж. Рахметуллина және шараны ұйымдастырушыларға қолдау көрсеткені және халықаралық ғылыми семинарға қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдіреді.